“Халық сізді қолдағалы отыр”. Жазушы президентке тағы сайлауға түсуді ұсынғанын айтты
Дулат Исабеков президентке екінші мерзімге сайлауға түсуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.
Бұл туралы жазушы «Adal adam» ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, жазушы президентке «30 жылдық олқылықты сіз ғана жоясыз, тағы жеті жыл билікте қалам десеңіз, халық қолдағалы тұр», — деп қолдау білдірген.
Айта кетейік, Конституция бойынша бір адам президент болып 7 жылдық бір-ақ мерзімге сайлана алады.
«Адырна» ұлттық порталы