«Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесі шілде айындағы «Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» акциясының қорытындысын шығарды

0

«Халық» Қоры 2021 жылдың шілдесінде өткен кезекті «Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» қайырымдылық акциясының қорытындысын шығарды: бүкіл Қазақстан бойынша 20 000 отбасы жалпы салмағы 1 миллион кг-нан астам қажетті азық-түлік себеттерімен қамтылды. Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 500 миллион теңгеден асты. Азық-түлік себеттерін Қор бұрын көмек көрсеткен мұқтаж отбасылар алды.

«Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» акциясы — бұл әлеуметті маңызды қайырымдылық бастама, оның аясында елдің барлық аймақтарында жүйелі түрде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларға азық-түлік көмегі көрсетіледі. Біз отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерте отырып, игі істер жасауға тырысамыз. «Халық» Қайырымдылық Қоры мұқтаж азаматтарды азық-түлікпен қолдау арқылы адамдарға өз қаражаттарын балаларының және отбасыларының басқа шұғыл қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді.

Азық-түлік себеттерінің таратылуы облыс Әкімдіктері ұсынған тізімдерге сәйкес еріктілер жүзеге асырды.

 

 «Ел ​​тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын еліміздің танымалы кәсіпкерлері мен компанияларының қолдауы жақсы дәстүрге айналып үлгерді: Қайрат Боранбаев — «Алмалы» холдингі, Диас Сулейменов, Кеңес Ракишев, «АЯЛА» Қайырымдылық қоры, «Eurasian Resourses Group» холдингі және «Казахмыс» корпорациясы демеу көрсетті.

«Біз шілде айындағы ауқымды акцияның қорытындысын шығардық, соның арқасында біз 20 000 отбасына көмектесе алдық! Біз «Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» акциясының барлық қатысушыларына қосқан үлестері мен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз! «Халық» Қоры қолдау көрсеткен қайырымдылық жасаушыларға алғыс білдіреді. «Халық» Қорының акциясы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының шынайы күшін көрсетті! Қордың бастамасын кезекті рет қолдаған еріктілерге ерекше алғыс айтқымыз келеді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біздің ортақ әлеміміз құрылып жатыр — бұл күн сайын азғана мейірімді және жақсара түсетін әлем! Осылай әрі қарай жақсылықты бірге жасай берейік, өйткені тек бәріміз біріге отырып бір-бірімізге көмектесе аламыз!» — деп хабарланады «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Динара Кулибаеваның жолдамасында.