Халық бірден 5 бала туған отбасыға үй беруді сұрады

0
852

Хатлон облысының әкімі Жаңа жыл қарсаңында дүниеге келген бес баланың ата-анасының үйін қысқа мерзімде жөндеп беруді тапсырды. Ал әлеуметтік желі қолданушылары Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоннан көп балалы отбасыға жаңа үйдің не пәтердің кілтін беруді сұрады.

Екі баласы бар Хатлон облысының 30 жастағы тұрғыны Дилноза Мамадова үшінші сәбиін күтіп жүрген. Жаңа жыл қарсаңында ол дүниеге бірден бес бала әкелді.

Дәрігерлердің айтуынша, бес сәбидің денсаулығы жақсы.

Бес сәбидің атасы Мамад Бобоев екі ұлға Хасан мен Хусейн, ал қыздарына Фатима, Зухра және Хадича деген есім берді.

Хатлон облысының әкімі Курбон Хакимзода бесемнің ата-анасының үйіне барып, жағдайымен танысып, қаржылай көмек көрсетті. Сонымен бірге қарамағындағыларға үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары көп баласы отбасына жаңа үй беруі тиіс деп есептеп, Тәжікстан президентінің атына үндеу жасады.