«Халық біліп қояды»: Оразымбетова атақты ақшаға сатып алатындар жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Гүлнұр Оразымбетова осыдан жеті жыл бұрын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері деген атақты алған. Әншінің айтуынша, мемлекеттік марапаттарды әр адам еңбегіне сай алуы тиіс. Ал ақшамен сатып алғандардың кім екенін халық жақсы біледі, дейді әнші.

Гүлнұр ОразымбетоваБұл туралы Stan.kz «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Халық өзі біледі. Халық өзі біліп қояды. Кім ақшамен сатып алды, кім өзінің еңбегімен алды.

Шоу-бизнесте атақтың керегі жоқ сияқты. Ең бастысы, халық үшін сапалы дүние жасау керек. Халық сені өнерің үшін, сол әнің үшін жақсы көруі керек. Ал егер мемлекет тарапынан атаққа ұсынса, оны кім жек көрсін? Әрине, еңбекке сай алынуы керек», — дейді Гүлнұр. 

Бұған дейін қалталы кәсіпкердің Жанболат пен Жазираға ән айтқызып, жалған атақ бермек болғанын жазған едік. 

 

stan.kz