Хакім Абайдың Алматыдағы шөбересі Айдар Ақылбай өмірден озды
Хакім Абайдың Алматыдағы шөбересі Айдар Ақылбай өмірден озды. Бұл туралы «Жидебай-Бөрілі мемлекеттік қорық мұражайының директоры Жандос Әубәкір жазды.
Айдар Бағфурұлы 1949 жылы туған. Абайдың шөбересі. Абайдың баласы Ақылбайдан – Әлімқұл, Әлімқұлдан – Бағфур, Бағыфурдан Айдар туған.
Алматыда Политехникалық институтты бітірген соң, Айдар жолдамамен Ақтауға қызметке барады. Сол жақта жары Светлананы (ұлты қазақ ) кездестіріп шаңырақ көтереді, жалғыз ұлы Данияр 1971 жылы дүниеге келген.