Хакерлер 770 миллионнан астам электрондық поштаны жариялады

0

Хакерлер 770 миллионнан астам электрондық пошта мен 21 миллион парольді интернетте ашық ақпарат кеңістігіне шығарып жіберді. Бұл туралы батыстық БАҚ киберқауіпсіздік саласындағы сарапшыларға сілтеме жасап хабарлады.

Электрондық пошталар мен құпиясөздер базасы әуелде Mega онлайн мәліметтер базасына түскен. Кейін сілтеме хакерлердің танымал форумдарының бірінде жарияланған. Ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары мәліметтердің екі мыңнан астам орын ресурстан жиналғанын айтады. Жарияланған базада қолданушылардың несие карталары және жеке қаржысы туралы мәлімет жоқ.

«Касперский лабораториясы» компаниясы Ресейдің РБК агенттігіне жарияланған базада Ресей интернет қолданушыларының мәліметтері блуы мүмкін екенін хабарлады.

Дереккөз: Азаттық