“Хайуанаттар бағы емес”: Сенат депутаты неге Бишімбаевтың колониядағы суретін жарияламайтынын айтты
Сенат депутаты, ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқанын растайтын фото және бейнематериалдар неге әлі жоқ деген сұраққа жауап берді.
Tengrinews.kz тілшілері Сенат аясында Қожаевтан сотталған Ұлттық экономика экс-министрін неге бөгде көздерден жасыратынын сұрады.
Қожаев Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартуының себебін түсіндірді.
«Мұның бәрі азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткісі келмесе, әрине, оны мәжбүрлеу мүмкін емес. Кешіріңіз, бұл хайуанаттар бағы емес. Шенеуніктерге сену керек, ол Степногорск қаласындағы ең жоғары қауіпсіздік колониясында», — деп түсіндірді Қожаев.
Фото: Сергей Астрелин