Хабиб жекпе-жек кезінде не үшін Ресейдің туын алып шықпайтынын түсіндірді

0

Хабиб Нұрмағамедов жекпе-жек кезінде не себепті Ресейдің туын алып шықпайтынын түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол Самара қаласындағы сұхбатының бірінде айтты. 

♦Хабиб Нұрмағамедов қатты қорқатын әкесі жайлы не білеміз?

«Қазір мені тек Ресей ғана емес шетелдіктер да танып, біліп жатыр. Бұрын мен тек Ресейде ғана өзімді танымал адам ретінде сезінетінмін. Ал қазір бүкіл әлем мені ұнатсын, ұнатпасын танып жатыр. Көптеген адамдар менің бөлектенетінімді, жекпе-жек кезінде Ресейдің туын алып шықпайтынымды айтып, айыптайды. Алайда мен жекпе-жекке шыққан сайын Ресейдің туы бүкіл экраннан көрсетіледі. Мені америкалықтардың бәрі дерлік «орыс» деп айтады. Себебі олар Дағыстан, Шешенстан туралы бейхабар. Тіпті шетелдік спортшылардың өзі мені орыс деп ойлайды. Неге десеңіз, олар Дағыстан, Шешенстан, Ресей біртұтас ел деп санайды. Иә біз шетелдіктер үшін бір ұлтпыз, бір елміз. Олардың ойлары сондай. Ал бөлектеніп, шеттетуге тырысатындар ол өзіміздің адамдар, яғни өзімізді өзіміз шеттетіп, өзімізді өзіміз бөлектейміз. Өйткені бізді ешкім бөлек ел деп есептемейді. Мен де өзімді бөлектенбеймін. Сондықтан мұндай қитұрқы сұрақтармаған ұнамайды. «, дейді UFC чемпионы.

♦Хабиб Нұрмағамедов: Ұлымның менің жолымды қайталағанын қаламаймын

«Қамшы» сілтейді