Домой Жаңалықтар Хабиб үшін полицияны итеріп жіберген атыраулық азаматтың әрекеті көптің ашуын туғызды

Хабиб үшін полицияны итеріп жіберген атыраулық азаматтың әрекеті көптің ашуын туғызды

0
7974

Ақтаулық еркектер, мыналарың не?!

Өлдіңдер ме?!
Аталарың көрден тіріліп шыққанда да дәл осылай шыңғырмайтын шығарсыңдар?!🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️
Төтендеріңнің шалбары жыртылғанша шыңғырғандарыңа жол болсын🙄

Позор!!!

Басқаларынан күтсем де, сендерден күтпеппін Ақтаулық жігіттер!

PS: (мынабір охранниксымақты) полицияны итеріп жіберген еркекті заң алдында жауапқа тартуларыңызды талап етемін!
@qriim_mvdrk

Үлкен кісіні адам құрлы көрмеген Хабибтың охранниксымағы, не басыңа күн туды осыншама өз қазағыңды кеудеден итеретіндей?! Құдды пайғамбардай қорғадың ғой тегі оны!

Кімнен қорғап жүрсіңдер?!
Өз қазақтарыңнан ба?!

Даже бұл кісі полицей болмаса да, мына біреудің ісі менің намысыма тиюде.

Асылы біздің қазақ жігіттерінен намыс деген кетіп бара ма деймін. Былтыр емес пе еді осы Хабибтың алдында құрдай жорғалап Алматыдан аяғын тигізбей күтіп алғаны. Сол кезде де осылай күйініп едім.🤦🏻‍♀️

Головкинді күтсе түсінемін…
Көк туымызды әлемге танытып жүрген.

Ех…
Күйдіресіңдер ғой сендер, күйдіресіңдер!

ӨЗ АҒАСЫН АҒАЛАМАҒАН, КІСІ АҒАСЫН ЖАҒАЛАМАЙДЫ!

Бибігүл ДӘУЛЕТБЕК