Хабиб Нурмагомедов спорттан тоғыз айға шеттетілді — новости Казахстана
Аралас жекпе-жек шебері, дағыстандық спортшы Хабиб Нурмагомедов әйгілі Конор Макгрегормен өткізген кездесуден соң тоғыз айға спорттан шеттетілді. Бұл шешімді Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қабылдады деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Шеттету мерзімі жекпе-жек уақытынан, яғни 6 қазаннан басталған.
Одан бөлек, комиссия танымал спортшыға жарты млн доллар көлемінде айыппұл төлетпек.
Бұл кездесуден соң Макгрегор да жазасыз қалған жоқ. Ол алты айға спорттан шеттетіліп, 50 мың доллар айыппұл төлейтін болады.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың арасында UFC кездесуі өткен жылдың қазан айында болған.
Ирландық спортшы Хабибке төртінші раундтың төртінші минутында есе жіберді.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz