Хабиб Нурмагомедов «Қазақстандағы бауырларына» алғыс айтты — Спорт

0

UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов мұсылмандардың қасиетті жерлеріне сапарлатуға көмектескен қазақстандықтарға алғысын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

13,3 миллион адам жазылған Instagram-парақшасында файтер жақында ғана оралған Сауд Арабиясынан сурет жариялады. 

«Алланың үйі — Қасиетті Мекке мен Мәдинаға баруға көмектескен Қазақстандағы бауырларға рақмет», — деп жазды ол суреттің сипаттамасына. Бұл жазбасына 1,8 миллиондай лайк басылыпты.

Еске салайық, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, төртінші раундта жеңіске жеткен еді. Осылайша ол алғаш рет жеңіл салмақта UFC чемпионын қорғап қалды.