Хабиб Нурмагомедов Қарағандыдағы балалар үйінде болды

0

Спортшы тәрбиеленушілерді жақсыға ұмтылуға, спортпен шұғылдануға және теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды

Ресейлік белгілі спортшы Қарағандыдағы балалар үйіне арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 27 қаңтар ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов, құпия түрде ешқандай БАҚ өкілдерінсіз Қарағандыдағы балалар үйіне келді. Спортшы тәрбиеленушілерді жақсыға ұмтылуға, спортпен шұғылдануға және теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды», — деп жазылған «Қарағанды патриоттары» атты Instagram парақшасында.

«Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстаныңдар», -деді спортшы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Айта кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Қарағандыда тұратын Александр есімді жас жігіт UFC чемпионынан жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз өмірі жайлы жазылған кітапты сыйға тартып, оларға спорттағы жетістігі туралы айтып беруді сұраған. Бұл өтініш хатқа жауап берген Нурмагомедов міндетті түрде Қазақстанға келетінін мәлім еткен болатын.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/