Хабиб Нұрмағамедовтің ИГИЛ-ға қандай қатысы бар?

0

Ресейдің шекара бекетінің қызметкерлері ИГИЛ-ға қатысы бар болуы мүмкін екі азаматты ұстап, тергеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-тың дерегін негізге алып.

Шекара қызметкерлері діни сенімі жағынан күдік тудырған азаматтарға сұрақтар қойып, тергеу жұмыстарын жасайды. Алғашында шекарашылар Хабиб Нұрмағамедовті танымаған.

♦Хабиб жекпе-жек кезінде не үшін Ресейдің туын алып шықпайтынын түсіндірді

Кейін оның чемпион екенін білсе де, тергеу жұмыстарын жалғастыра береді. Толық тексерістен кейін ғана қызметкерлер Хабиб Нұрмағамедовті босатады.

♦Хабиб Нұрмағамедов малға теңелді

Бұл жайт UFC чемпионы Түркияға сапар шегіп бара жатқан кезінде орын алған. Аталмыш жағдай Хабибтің ашуына тиеді. Ол 2 жанкүйерімен суретке түсіп, сапарын одан ары жалғастырады. Куәгерлердің айтуы бойынша, Хабиб шекара қызметкерлерін балағаттап кеткен.

«Қамшы» сілтейді