Хабиб Нұрмағамедов малға теңелді

0
96

UFC-дің бұрынғы чемпионы Колби Ковингтон тікелей эфирде Хабиб Нұрмағамедовті малға теңеп, балағаттады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru сайтының дерегін негізге алып. «MMA сағаты» атты шетелдік бағдарламаның тікелей эфирінде Ковингтон ресейлік чемпионға тіл тигізіп, қазіргі спорттың шоуға айналып кеткеніне ашулы екенін жеткізді. 

♦Хабиб жанкүйерлерін сүйінші жаңалығымен қуантты (видео)

«Октогоннан тыс дау-дамайлар спортқа әсіресе MMA-ге кері әсерін тигізуі мүмкін бе?  Әрине, кері әсерін тигізбей қоймайды. Биылғы жылы болған UFC-дегі жекпе-жекті еске түсіріп көрейікші. Мал секілді октогоннан секірген Хабиб кінәсіз адамдардың өміріне қауіп төндірді. Оның бұл іс-әрекетінен спорттың қаншалықты төмен деңгейге түсіп кеткенін байқай аламыз. Бірақ қазір барлығын сатып алуға, сатуға болады. Мен жекпе-жекке шыққан кезде барлық UFC жанкүйерлері шоу емес, нағыз жекпе-жек көруге келеді. Барлық спортшылар шоу жасауға құмар. Бірақ шектен шығуға болмайды», – дейді Колби Ковингтон.

♦Хабиб жекпе-жек кезінде не үшін Ресейдің туын алып шықпайтынын түсіндірді

Еске салсақ, дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов төртінші раундта Конорды тұншықтыру тәсілімен жеңген болатын. Мұны күтпеген жанкүйерлер кенеттен шулай жөнеліп, Конордың командасындағы Диллона Данис пен Хабиб Нұрмағамедовтің арасында төбелес басталды. Кейін Конор мен Хабибтің командасындағы жас спортшы Зубайра Тухуговтың арасында да кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласты. Төбелеске араласқандардың қатарында Әбубәкір Нұрмағамедов пен Эседулла Эмиргаев та болған.

«Қамшы» сілтейді