«Хабар» Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі 26 мамыр күні сағат 06.00-де басталады  

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) пен мексикалық боксшы Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден тамашалай алады.

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі 26 мамыр күні сағат 06.00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтетін жекпе-жек сегіз раундтан тұрады.

Данияр Елеусінов Головкинге кінә артпайтынын мәлімдеді

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов 8 маусымда Геннадий Головкинмен бір кеште жұдырықтасады деп жоспарланған болатын. Онда жерлесіміз алғаш рет он раундтық жекпе-жекте өнер көрсетуі керек еді, алайда кездесу өтпейтін болды.

Данияр Елеусінов кәсіби боксқа 2018 жылдың сәуірінде ауысты. Соңғы жекпе-жегінде 36 жасар мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) кездесіп, сегіз раунд айқасты. Нәтижесінде Елеусінов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды (79-70, 79-71, 79-71).

 



sputniknews.kz