«Хабар» агенттігіне жаңа басшы келді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты «Хабар» агенттігіне жаңа басшы келді

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. «Хабар» агентігінің жаңа басшысы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды. 

«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Бекқожин тағайындалды», — деп жазылған агенттіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ол осыған дейін Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешенін басқарды.

Ерлан Бекқожин 1963 жылы дүниеге келген. Қазақ радиосында «Панорама дня» ақпараттық бағдарламасын жүргізді, сондай-ақ «Жеті күні» бағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.


©
Sputnik / Болат Шайхинов

Ерлан Бекқожин

«Айқын» және «Литер» республикалық газеттерінің негізін қалаушы-меншік иесі, баспагер (2003-2009).

Ал 2009 жылы «Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры болып тағайындалды.



sputniknews.kz