Ғылым, қайда барасың?

0

Ресей Федерациясының Білім және ғылым экс-министрі, IFTI ректоры Дмитрий Ливанов RTVI арнасына сұхбат берді. Сынның астында қалған Мемлекеттік Ғылым академиясының реформасы жайлы сөз қозғады.  

Әрине, көп дүние біз ойлағандай жүзеге аспаса да, соңына дейін жетпесе де, мен бұл дұрыс қабылданған шешім екенін білемін. Сондықтан ешнәрсеге өкінбеймін. Алға қарай қадам басуға әлі де кеш емес. 

Реформаның шығу тарихы 2013 жылдан бастау алды. Ол кезде қоғамдағы барлық жағдайды жәй ғана қағазға түсіріп алдық. Менің ойымша, ол уақытта Ресей Ғылым академиясы болған жоқ, жоғалып кеткен еді. Әрине, бұрын-соңды түрлі институттар, онда жұмыс істейтін адамдар, белгілі бір қозғалыс, бюджет болғаны рас. Бірақ басты сұрақ: 20 ғасырдың ортасында құрылған КСРО ғылым академиясы қайда, қандай формада жұмыс істеп жатыр?

Бұл ойға алынып, кейін іске асқан тұжырымдама, ғылыми ұйымдар жүйесі, түрлі саладағы ғылыми көшбасшыларға жағдай жасауға арналған, жабдықтармен қамтамтамасыз ету процесі болатын.

Міне, осы стратегиялық жоспарды Кеңес Одағы жүзеге асыра бастады. Мүмкін өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында ол толығымен жүзеге асқан шығар, бірақ тоқсаныншы жылдары бұл жүйе құлдырады. 

Біз мұның табиғи процесс екенін түсінуіміз керек, өйткені кеңестік жүйенің экономикалық және әлеуметтік өніміне айналған Ғылым академиясы әрі қарай басқа жүйеде өмір сүре алмады. Мәселен, өлі мәйітте ешқандай орган өз жұмысын жалғастыра алмайтыны белгілі. Иә, мүмкін кейбір дене мүшеміз өмір сүруін жалғастыратын шығар, бірақ түбінде ол өледі. Сол сияқты ғылымдағы фокус жоғалды, мақсат жоғалды, бағдарлар мен басымдықтар жоғалды, қаржыландыру жоғалды, адамдар жаппай тарай бастады. 

Бұл туралы көпшілік біле бермейді, бірақ іс жүзінде тоқсаныншы жылдардан бастап 2013 жылға дейін Ресей Ғылым академиясындағы институттардың саны екі есеге өсті, қаржы азайды. Неліктен? Себебі академиялық бюрократия өздерінше басшылық қылып, институттарды екіге бөліп, кейбіреуін үшке бөліп тастады. Нәтижесінде кішігірім маңызы жоқ ұйымдар көбейді. 

Шамасы ғылым академиясының басшылығы стратегия туралы мүлдем ойламаса керек.

КСРО Ғылым академиясында құрылған жоспар аяқсыз қалды, құлады, күйреді. Осылай белгілі бір жоспар бойынша құрылған жүйе де, белгілі бір миссияны орындайтын ғылыми институттар да, Ғылыми Академия да өмір сүруін тоқтатты делінген сұхбатта. 

Қазір ғылымға ерекше басымдық қоятын ел ғана дамыған, үздік, алпауыт мемлекеттердің қатарына сөзсіз енеді. Статистика бойынша, бірінші орын Қытайда, екіншісі АҚШ-та, тіпті Үндістанның өзі үштікке енеді. Ал Қазақстан қайда? Ондықтың ішінде, тіпті үздік елу елге де кірмейміз. Жемқорлардан, дүниеқоңыздардан қазынаға қайтарылған ақшаны неге осы салаға құймасқа? Онсыз да келді-кетті қолына да, қонышына да қысып кетіп жатыр. Жүсіпбек Аймауытов айтпақшы, ғылым білімге қонады. Алайда Василий Ключевский «Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу» деген екен. Ал «болашақ жастардың қолында» деп шырылдайтын қазақ олардың білімін қалай пайдаланып жатыр? Біздегі ғылымның жағдайы қандай? Ойланып көріңіз…

Ақпарат: https://t.me/rtvimain/63190

Фото: indicator.ru