Ғылым докторы Оспанов Сапар қайтыс болды

0

Белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы Сапар Оспанов қайтыс болды.

Оспанов Сапар Иманғалиұлы 1949 жылғы ақпанның 7-і жұлдызында Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қызылжарма ауыл советіне дүниеге келген. 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің тарих факультетінің философия бөліміне оқуға түскен.

1974 жылығы қазанда Москва қаласындағы КСРО Ғылым академиясының Социологиялық зерттеулер институтының аспирантурасына оқуға түскен.
1988-1999 жылдары Қазақстан Ұлттық академиясының Экономика, Философия, Мемлекет және құқық институтарында институт директорының орынбасары, социологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, бөлім меңгерушісі, аға және жетекші ғылыми қызметкер лауазымдарын атқарған. 1999-2003 жылдар аралығында Алматы технологиялық университетеінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
меңгерушісі, доценті болып істеген. 2004 жылдың басынан қазірге дейін Қазақ қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық-әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті болып істейді.