Ғылым академиясының президенттері кездесті — Білім & ғылым|19 Қараша 2018, 19:36

0
19 Қараша 2018, 19:36 255 0

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ресей ғылым академиясының президенті Александр Сергеев пен ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов кездесіп, екі ел арасындағы ғылыми байланыс жайында сөз қозғады.

«Екі ел арасындағы ғылыми даму жыл сайын өсіп-өркендеуде. Бірнеше аптадан соң Ресейдегі ғалымдардың шешімімен екі ел арасындағы жаңа жобаны бастайтын боламыз. Ресей ғылым академиясына Қазақстанмен тәжірибе алмасқан тиімді. Салыстырмалы түрде бір-бірімізді толықтыратын боламыз деген ойдамын. Соның ішінде мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады: фундаменттік зеттеу, қолданбалы жұмыстарды толықтыру, әртүрлі саладағы зерттеу баяндамалары. Біз сіздермен екі ел экономикасы осындай зерттеулерді қажет ететінін көріп жүрміз. Оның нәтижесіне жай жоспардан теxникаға жеткенде ғана жетістік деп санауымыз керек. Ресей ғылым академиясы 2 жыл бұрын осындай жоспар құрған және оның жұмысын бастап кеткен. Осы кездесуден кейін Қазақстанмен бірігіп жаңа ізденістерге жол ашатын болады», — дейді Александр Сергеев

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов біздің ел Ресеймен тығыз байланыста екенін, ол байланыс КСРО кезінен бастап, қазіргі кезге дейін жалғасып келе жатқанын айтты.

«Басшылар ауысқанымен, жұмыс негізі бір ізді қалыптасқан. Біз Александр Сергеевпен бірге Пекин қаласында 30 елдің бірігіп «Альянс» ғылыми академиясының ашылуында болдық. Ал бүгін Қазақстанда кездескеніме өте қуаныштымын. Болашақта бірге жұмыстар жасайтын боламыз. Нақты қандай жұмыстар екенін әзірге айта алмаймын, бірақ болашаққа жоспарларымыз көп» — дейді Мұрат Жұрынов Қазақстан мен Ресейдің ғылыми байланысы жайында.

Сондай-ақ, ол Ресей ғылымын АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттер мойындағанын айтты.

«КСРО кезіндегі Ресей ғылымы өте әлді болды. Тіпті, оны АҚШ сияқты мемлекеттер мойындады. Біздің ғалымдар да ғылымдағы жолын Ресейден бастаған. КСРО ыдырағаннан кейін қаржының жоқтығынан екі елдің ғылым-білім академиялары зардап шекті. Соған қарамастан Қазақстанда сақталып қалған ғылыми орталықтар бар. Соларға қазіргі таңда жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қосалқы орталықтар ашылып жатыр» — дейді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ