Гүлзира Айдарбековадан сыйға бриллиант алған қазақ әншісіне Өзбекстанда зор құрмет көрсетілді (видео)

0
62

Біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртастың әкесінің 57 жасқа толған туған күнінде ән айтып, Гүлзира Айдарбековадан сыйлыққа бриллиант сырға-жүзік алған отандық әншіге Өзбекстанда шапан жапты. Өзіне көрсетілген зор құрмет жайлы Наркенже Серікбаева Instagram парақшасында айтып берді, деп жазады Kznews.kz.

Отандық әнші сый-құрметке бөленген сәттің видеосын жариялап, осы жетістігін көрмеген әкесіне деген сағынышын жеткізді. «Кейде менде өкініш болады. Осындай әкелерді көргенде, әкемді еріксіз сағынып кетемін. Аллаға сансыз шүкір, есесіне анам көріп, қуанып отырады. Мен бақыттымын. Кешегі Өзбекстан еліндегі Кенимех жерінде өткен дүбірлі той», — деп жазды әнші. Ал желі қолданушылары әншінің бұл сыйға лайықты екенін жарыса жазған. «Елдің құрметінен асқан сый жоқ», «Жарайсыз, лайықтысыз», «Сый құрметіңіз арта берсін», «Алла абыройыңызды екі дүниеде де жоғары қылсын», «Қазақтың бағына біткенсіз» деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Наркенже Серікова продюсер Гүлзира Айдарбекованың қолынан бағалы бриллиант сырға-жүзік сыйға алған болатын.