Гүлзира Айдарбекова: Жұлдыздың айлығы бір көйлегіне де жетпейді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Жақында ғана тұңғышының орда бұзар жасын дүркіретіп өткізген Гүлзира Үсенқызы Жұлдыз келінінің табысы туралы сыр шертті. Соңғы кездері әлеуметтік желіде Жұлдыздың да табысын продюсер ана санап алады екен деген өсек өріп жүр. Алайда, бұл әңгіме шындыққа еш жанаспайды екен. Бұл туралы Айдарбекова Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында баяндады.

Гүлзира Айдарбекова: Жұлдыздың айлығы бір көйлегіне де жетпейтін шығар

«Әрине, кез-келген Жұлдызға түскен ұсыныстың шешімін әкесімен ақылдасып мен айтамын. Әулеттің бәрінің үлкенге бағынғаны дұрыс қой», — дейді білікті продюсер. Бірақ, келіннің қалтасына қол сұғуды ұят санайды.  

«Жоқ, бір тиын да алмаймыз. Сұрамаймын. Тіпті, айлығы қанша екенін де білмеймін. Сол тележүргізуші болып тапқан айлық ақшасы Жұлдыздың бір көйлегін де ақтамайтын шығар. Себебі, ол тек бренд киіп үйреніп қалған ғой. Мен сол бағдарлама ұсынған киімдердің барлығын кие береді деп ойламаймын. Өзі әйтеуір кейде сөмкелерін, киімдерін арқалап бара жатады. Соған қарағанда кейде өзінің де киімдерін киетін шығар», — дейді Жұлдыздың енесі. 

Керісінше, ай сайын Жұлдызға жұлдызды күйеуі табысын бөліп береді. Еркектің әйелді асырауы, киіндіруі, қамтамасыз етуі заңдылық екенін бұл әулет ұмытқан емес.

«Біз одан ақша сұрамаймыз. Керісінше, Жұлдызға қосымша беру керек деп ойлаймын. Себебі, оның косметологы бар, киімі бар, спорты бар, шашы бар, басқасы бар. Бірақ, ең бастысы қандай жобадан ұсыныс, сұхбатқа шақыру түссе де бірінші бізбен ақылдасып, шешім қабылдауы керек», — дейді Гүлзира Үсенқызы. 

Естеріңізде болса, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова «Қайраттың ақшасына бүкіл отбасын асырап отыр» дегендерге жауап берген еді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

stan.kz