Гүлзира Айдарбекова: Жұлдыз менің ата жауым емес, келсе есігім ашық

0
1284

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдарбекова халық арасында қызу талқыланып жатқан мәселе жайында тағы да пікір білдірді. Бұл жолы продюсер өзін сынға алған оқырманға Instagram парақшасында жауап беріп, көпшіліктің болжамын жоққа шығарды. Ол келінімен ешқашан ұрысып көрмегенін айтты.

Қайрат Нұртастың анасы Әбдікәрімова үшін есігі әрқашан ашық екенін жеткізді.

«Мен Жұлдызбен ұрысып көргенім жоқ. Келсе, есігім ашық, келмесе жас емес, өз шешімдері. Балаларды көрсеткісі келмесе, олар менің қаным. Есі кірген кезінде өз қанын таппай қоймайды. Бәрі де уақытша, тіптен өмір де уақытша», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, Айдарбекова Қайрат Нұртас танымал болмай тұрғанда да жағдайлары жақсы болғанын алға тартты.

«Мен дүниені көріме алып кетпеймін. Қайрат нені қалайды, бәрі сонікі, қалғаны екі бауырынікі. Еңбек — Қайраттікі. Қайратқа дейін де квартирада отырған кезіміз болған емес. Студент кезден ақ үйлі болып, қос-қос көлігіміз болған, бізге сол да жетеді. Нұрекең екеуміз аз табыс тапқан жоқпыз, не ішемін, не киемін дегізген де жоқпыз. Дүниеге құнығатын біз емеспіз. Бүкіл ата-ана балалары үшін еңбек етеді, қара басы үшін емес», — деді продюсер.

Сондай-ақ ол келіні Жұлдыздың коттедж алуына қатысты өз ойын айтып, Қайраттың балаларына деген қамқорлығын атап өтті.

«Жұлдыз коттедж алса, пәтерлеріне ауыстырды. Мейлі көлігі болсын, үйі болсын, бәрі де сол балаларының әкесі Қайраттың еңбегімен келген дүние. Балалары үшін алды үй-жайын, берді. Балалары үшін өмір бақи бергені берген. Себебі олар Қайраттың өз балалары», — деп жауап берді ол.

Продюсердің сөзінше, жұлдызды ұлы өмірінің соңына дейін балаларының жағдайын жасайтын болады.

«Артынан еріп келген бала да, біреу алып берген дүние де көргенім жоқ. Қайрат өле-өлгенше солардың жағдайын жасап кетеді. Ал немерелерімді менен артық ешкім жақсы көре алмайды, олар біздің ұрпағымыз. Жұлдыз экранға шықпағаны болмаса, тығылып, түрмеде отырған кезі болған емес. Үй жұмыстарын да қызметші жасады. Жұлдыз менің ата жауым емес, өз келінім. Уақыт емші, бәрін де түсінер. Сиырдың басына туған күн, бұзауға да туар», — деді Гүлзира Айдарбекова