Гүлзира Айдарбекова келінінің туған күніне гауһар тастан жасалған бұйым сыйлады (ВИДЕО)

0

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші келінін туған күнімен құттықтап, оған аса бағалы сыйлық тарту етті, деп жазады kznews.kz сайты.

Жұлдызды жанұяның жаңадан түскен келінін құттықтау сәті Instagram желісінде жарияланды.

Алғашқылардың бірі болып сүйіктісін Заңғар Нұртас құттықтады. Ол келіншегіне үлкен гүл шоғын тарту етті. Одан соң келінін Гүлзира Айдарбекова құттықтаған. Ол жас келініне ақ тілегін айтып, сыйлығын табыстады. Айдарбекова ұлының әйеліне гауһар тастан жасалған зергерлік бұйым сыйлаған. Мұндай тосынсыйды күтпеген туған күн иесі қуанышын жасыра алмады.

Ол өзін құттықтап келген барша жақындарына алғысын айтты. Желі қолданушылары да құттықтаулар легіне қосылып, Заңғардың келіншегіне ізгі тілегін жолдады.