Гүлзира Айдарбекова: Димаштың 6 октавалық даусын Қайрат ала алмайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қайрат Нұртас жақында Дубайда концерт беремін деп сөзге қалды. Димаштың артынша шетелде концерт берген Қайратты көпшілік Құдайбергеновтің ісін қайталады деп айыптаған. Жағымсыз пікір жазушыларға Гүлзира Айдарбекова жауап беріп те үлгерді. 

Гүлзира Айдарбекова: Димаштың 6 октавалық даусын Қайрат ала алмайды

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Былай жазған: «Димаш шет елге шыққаннан кейін, сіздер де шет елге концерт беріп жатырсыздар ма?» — дейді. Ал мен шет елге концертті Қайраттың 18 жасынан бастап беріп жатырмын ғой. Бір барғанда 14-15 қаласына беріп қайтамыз Қытайға. Үш мың, бес мың, жеті мың, он мың адамның стадиондарына бергенбіз мысалға. Бірінші рет барып жатқан жоқпыз», — дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қайраттың отбасы Димаштың өнерін бағалайды, оған деген сыйластығы мен құрмті де жоғары. Алайда Қайраттың анасы екі әншіні салыстырудың өзін әбестікке балап отыр.

«Оның 6 октава алатын даусын, Қайрат ала алмайды. Бірақ Қайраттың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы Қайрат Димаш болып туылсам деп армандамайды, Димаш Қайрат болып туылсам деп армандамайды. Әрқайсының өзінің өмір жолы бар», — дейді Гүлзира Үсенқызы.

Ал Қайраттың өзі жағымсыз сөзге мән бермейді. Дубайдан шабыттанып келген ол жоспарлаған турнесін тоқтатпақ емес.

«Әдемі, әсерлі өтті. Қазақтар сағынып қалған. Қырғыздар, еуропалық ағайындар болды. Француздар болды. 1-2 арабтар болды дегендей. Мұның бәрі қызықты сәттер. Бағаналып жатса, неге қуанбасқа? Мен үшін Дубайдан бастаған, мотивация болды. Ары қарай түркі елдеріне қорықпай бара беремін», — дейді Қайрат Нұртас.

stan.kz