Домой Жаңалықтар Гүлзира Айдарбекова болашақ келініне сырға салды

Гүлзира Айдарбекова болашақ келініне сырға салды

0
322

Айдарбековтер әулетінде дүбірлі той. Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғардың қалыңдығына құда түсіп, сырға салды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында құдалықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті. Онда Нұртас әулеті жаңа құдалардың босағасын аттап, салт бойынша, болашақ келінге сырға тақты. Көпшілік болашақ келінді енесі Гүлзира Айдарбековаға ұқсатты.

Сондай-ақ Заңғар Нұртас өз парақшасында күйеу жігіт атанғанын ресми түрде хабарлады. Ол қалыңдығына ұсыныс жасаған сәттің видеосын жариялады.

Құдалық кезінде сөз сөйлеген Нұртас Айдарбеков екі жастың арасында түсініспеушілік болған жағдайда, келіннің сөзін сөйлейтінін бірден ескертті.

«Соғыс басталып кеткен жағдайда, мен келіңдердің жағына шығамын. Осыны есіңде ұста, балам. Мен сені жақсы көремін», — деп жиылған жұртты бір күлдірді Нұртас мырза.

Құдалыққа Қайрат Нұртас қатысқан жоқ. Бұл күні хитмен Қарағанды қаласына концерт беруге аттанған.