Гүлнәр Каримованың адам шошырлық қылмыстары әшкере болды

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Каримоваға мемлекет қаржысын жымқырды және аса ірі көлемде өзгенің мүлкін бопсалау жолымен тартып алды деген айып тағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Өзбекстанның бас прокуратурасы бірінші президенттің қызы Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады.

Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Каримоваға «мемлекет қаржысын жымқырды және республика мүддесіне қайшы келісімдер рәсімдеді» деген айып тағылып отыр.

Бұдан бөлек, аса ірі көлемде басқа біреудің мүлкін күшпен тартып алғаны үшін жауапқа тартылмақшы. Қылмыстық істер White and Case халықаралық заңгерлік компаниясынан түскен ақпарат пен азаматтардың арыз-шағымдары негізінде қозғалды.

Тағы оқыңыз: Ислам Каримовтың қызының түрмеде өз-өзіне қол жұмсағаны рас па?

«Каримова басқа адамдармен келісе отырып, мемлекетке тиесілі «Кувасайцемент» мен «Бекабадцемент» компанияларының акцияларын арзан бағамен сатып алған. Одан кейін сол акцияларды шетелдік бизнесмендерге сатып жіберді. Артынан оларға қолдау жасап отырды. Осылайша, ол Өзбекстанның мүддесіне аса ірі көлемде зиян келтірді», — делінген ресми хабарламада. 

Бұдан бөлек, Каримова кәсіпкерлер мен азаматтарды қорқыту арқылы мүлікті өз компаниясына тапсыруға міндеттеген. 



sputniknews.kz