Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

0

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Үкім

Сот Гүлмира Сатыбалдыны заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалағаны, өзінше билік еткені үшін кінәлі деп тапты. Ол 12 жылға сотталды.

Кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жүргізуші 9 жылға сотталды.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот жарыссөзі жалғасуы тиіс еді, алайда ол “аллергиям қозды” деп ауырып қалды, сондықтан отырысты кейінге қалдыруды сұрады. Оның адвокаты сотталушының бүйрегі ауыратынын айтқан еді.