Guardian Sputnik-ке жала жапқаны үшін кешірім сұрады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Танымал британдық басылым бірнеше айдан кейін қателескенін мойындады

АЛМАТЫ, 6 тамыз — Sputnik. Ұлыбританияның Guardian басылымы Sputnik агенттігін Париждегі Құдай ана шіркеуіндегі өрт кезінде жалған фото жариялады деп айыптағаны үшін кешірім сұрап, суреттің түпнұсқа екенін мойындады.

Басылым төрт айдан соң ғана қателескенін мойындады, деп жазады РИА Новости.

Sputnik-ті айыптауға Париждегі Құдай ана шіркеуіндегі өрт кезінде түсірілген сурет себеп болды. Фотоға жанып жатқан ғимараттың жанында күліп бара жатқан екі жігіт түсірілген, олардың келбеті шығыс халқына ұқсайды.

Тағы оқыңыз: Журналистерді қорғау комитеті Sputnik пен RT-ға қолдау білдірді

Бірақ редакция бұл суретке қатысты ешқандай пікір білдірмеген болатын.

Дәл осы сурет интернетте тез тарап, әлеуметтік желідегі жұрт «мұсылмандар қайғылы оқиғаға қуанып жатыр» деп шуласты. Осыған байланысты кейбір БАҚ Sputnik-ті мұсылмандарға қарсы көзқарас қалыптастыру үшін суретті әдейі жариялады деп айыптады.

Мысалы, Guardian бұл фотоны 19 сәуірде Instagram-дағы Fake or for Real («Өтірік пе, шын ба?») топтамасында жариялайды. Олар аты аталмаған америкалық сарапшыларға сілтеме жасап, суретті өңдеген, демек жалған деп мәлімдеді.

«Үлкейтіп қарасаңыз, ер адамның езуіндегі монтаж іздерін анық байқайсыз», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Лондон Sputnik пен RT-ны аккредитациядан өткізбеді: Симоньян мән-жайды түсіндірді

Айыптауларға жауап ретінде Sputnik суреттің бастапқы нұсқасын барлық деректерімен жариялап, түпнұсқа екенін және ешқандай өңдеу жасалмағанын дәлелдеді.

Guardian бірнеше ай үнсіздіктен кейін жалған ақпарат таратты деп айыптауға еш негіз болмағанын мойындады.


©
Sputnik /

Guardian басылымының жазбасы

«Біз үшін шындық маңызды, сол себепті Fake or for real жобасының оқырманы болсаңыз, мынаны оқыңыз: 19 сәуірде шыққан Fake or for real топтамасында біз Нотр-Дамдағы өрт кезінде түсіріліп, кең таралған суретке өңдеу жасалған деп топшыладық. Бізге фото авторы хабарласты, суреттің өңделмегенін растаймыз. Қателескеніміз үшін кешірім сұраймыз», — делінген Guardian басылымының Instagram желісіндегі жазбасында.



sputniknews.kz