Грузияда қазақстандық қызды өлтірді деген күдікті қамауға алынды

0
753

Тбилиси қалалық соты 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваны өз-өзін өлтіруге дейін жеткізді деген күдікке ілінген азаматты тұтқынға алу жазасын таңдады, — деп хабарлайды Sputnik Грузия басылымы.

Аталған факті бойынша алдын ала тыңдалым 23 маусым күніне жоспарланған. Жыныстық қылмыс болғандықтан, сот отырысы жабық өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына да қатысуға тыйым салынады.

Еске салсақ, Грузия прокуратурасы 5 мамыр күні 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның зорланғанын мәлімдеді. Тергеу барысында күдіктінің оны өлтіремін деп қорқытқаны белгілі болды. Қыз баланың өзіне қол салуына осы сөздер себеп болған.

Марқұмның әпкесі көз жұмар алдында Әселдің құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгергенін айтты. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.

Күдікті 6 мамырда қамауға алынды. Прокурорлардың айтуынша, егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 8-10 жылға сотталуы мүмкін.