Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның жездесі сотталды

0
71

Грузияда қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтбаеваның ісі бойынша айыпталушы Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Сот Мейірбековті кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», — деді судья.

Мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы бойынша, сот 10-нан аса адам қатысатын жиын өткізе алмайды. Сондықтан іс бойынша үкімді жариялау онлайн-форматта өтті.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз көпқабаты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияда ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша соталды тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.