Грузия оппозициясы кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді талап етті
Грузия оппозиция партиясының кандидаты Григол Вашадзе кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді талап етті. Бұдан бұрын дәл осындай ұсынысты Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиде айтқан болатын.
Орталық Сайлау Комиссиясының мәліметі бойынша, Грузиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Саломе Зурабишвили 59,52 пайыз дауыс жинап, ең алғашқы нәзік жанды басшы атанған. Алайда, оппозициялық топтың көшбасшысы Вашадзе аталған шешіммен келіспейтіндігін жеткізді.
«Біз бұл сайлаудың шешімін қабылдамаймыз. Бізде президент жоқ»,- деп Тбилисидегі жақтастарының алдында мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, ең алғаш аталған лауазымға 25 азамат өз үміткерлігін ұсынған. Алайда, 28 қазанда өткен сайлаудан ешқандай кандидат 50 пайыздан аса дауыс жинай алған жоқ. Сондықтан, екінші кезеңге ең жоғары дауыс жинаған екі үміткерді қатыстырған болатын.