Грэмми жеңіп алған Иманбек әкімнің 2 миллионынан бас тартып, оны қайырымдылыққа аударды

0

Жуырда Грэмми сыйлығын жеңіп алып, барша қазақты қуантқан Иманбек Зейкеновті Ақсудағы жерлестері құттықтады. Ол туған жерінен кеткісі келмейтінін айтып өтті.

Алдағы уақытта да үйде отырып музыкамен айналыспақ.

Өз кезегінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов музыкалық құралдар сатып алсын деп 2 миллион сыйға тартты. Алайда диджей бас тартып, ақшаны қайырымхдылыққа аударды.

«Қарапайым отбасынан шыққан жігіт, ақылды, ата-анасының тәрбиесін алған», — деді Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов жас музыкантқа шапан жауып тұрып.

«Шынында да, сізге көп қаражат салынды. Сіз ата-анаңыздың бар үмітін ақтадыңыз, керемет нәтиже көрсеттіңіз. Жастар сізге қарап, ғажайыптар жасауға болатындығын көрді», — деді әкім.