Григорий Дрозд: Головкиннің дәурені өтті

0

Бұрынғы ресейлік боксшы Григорий Дрозд Саул Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жектен күткен үмітімен бөлісті, деп хабарлайды  Kznews.kz порталы m.sports.ru сайтына сілтеме жасап.

» Головкин жағында қатты соққы, психологиялық дайындық бар. Ал Альварестен жастық шақ, жылдамдық және Биволдан кейін кек алғысы келетінін байқауға болады.

Менің ойымша, Головкиннің дәурені өтті, бірақ ол әлсіз деген сөзім емес. Тек ол үшін ең жақсы жетістіктер артта қалды. Сондықтан оның жеңуге деген мүмкіндіктері өте аз» — деді ол.

Ал белгілі украиналық боксшы Василий Ломаченко үшінші жекпе — жектің жеңімпазы Геннадий Головкин атанатынын болжаған. Трилогия 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Ломаченко алдағы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетеді деп ойлаған.