Гренландияда теңіз деңгейі 7 метрге көтерілді

0

Климаттың жылуына байланысты Жер шарының солтүстік полюсқа жақын елдерінде теңіз деңгейі көрнекті дәрежеде көтерілген. Теңіз-мұхиттардың көтерілуі, климаттың жылуы мен мұздықтардың еруіне байланысты зерттеу қорытындыларын Woods Hole мұхиттану институтының зерттеушілері  «Nature» журналына жариялаған.

Зерттеу нәтижесіне қарағанда, теңіз деңгейінің көтерілуі Гренландияда анық байқалады. Алып аралдағы мұздықтардың еруіне байланысты теңіз деңгейі 7 метрге дейін көтерілген.

Гренландиядағы мұздықтар өткен ғасырдың орта шенімен салыстырғанда 33 пайызға еріген. Ғалымдардың айтуынша, теңіз-мұхиттардың көтерілуі әлемдегі теңіз жағалауына орналасқан 10 ірі қаланың 8-іне әсер ететінін айтады.

“The Qazaq Times”