Гранд Паркте қыздар жалаңаш жүр: «Іш киім алып, Дубайға саяхатта»

0
840

Гранд Паркте қыздар жалаңаш жүр. Бұл туралы желі қолданушысы Оңғар Қабден Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Кезінде «Алматы мақта-мата комбинатының»  (АХБК)  атағы Алатаудан әрі асып, Кеңестік елдерде танымал болды. Кешегі Желтоқсан оқиғасында да осы комбинаттың қыз-жігіттері алаңда тұрды. Яғни, АХБК-ның тәуелсіздікке қосқан үлесі зор. Кейін әуелі экономика сосын саясат дедік те бұл комбинат сол Кеңеспен келмеске кетті. Орнына қазіргі аты-шулы Гранд Парк тұрғызылды.

Осы Гранд Паркте сұмдық бір дүкен ашылыпты. «Купи труси, лети в Дубай» деген. Яғни, «іш киім сатып ал да Дубайға ұшып кет» дейді. Мына фото-видеодағы қыздарды көріп, не только ұшып, ішіп кеткің келеді екен. Дәл тәуелсіздік күнінің қарсаңында мынау не? Бұрын Тәуелсіздік мерекесі өтпей шырша тігілді деп ренжуші едік. Шырша айналайын болып қалды ғой мынаның жанында.

Осыдан он-он бес жыл бұрын мынандай қыздарды клубтан көріп шок болған едім. Енді міне сауда дүкенінің ішінде спокойно қыдырып жүр. Жұрттың кейбірі оларды көріп теріс айналып жатса, кейбірі барып шейхтың образына еніп, қыздардың ана-жер мына жерін ұстап фотоға түсіп мәз.

Айналайындар, ол жерге жұрт балаларымен барады. Әке-шешесімен барады. Енді бір екі-үш жылда мына түрімізбен балабақша, мектепте де осылай жүрсе таңқалмайтын шығармыз.

Жалпы бізде мемлекеттік идеология деген бар ма? Кім жүргізіп отыр?» — деп жазды ол.