«Готэмге қаһарман қажет»: Біртановтың ұйықтауына мұрсат сұрған бойжеткен желі қолданушыларын күлдірді – Қазақстан жаңалықтары

0
13

Әлеуметтік желілерде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов фантастикалық фильмдердің қаһарманы ретінде бейнеленген суреттері тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов

Насима Қорғанбекова есімді Facebook қолданушысы министрдің бірнеше фильм кейіпкерлерінің Бэтмен, Америка капитаны және Супермэн образында бейнеленген суреттерін жариялапты. Өзінің жазбасының астына бойжеткен «Біртановқа ұйықтауға мұрсат берейікші. Готэмге қаһарман қажет» деп жазыпты.

Оның бұл жазбасы желі қолданушыларын қызу пікірін туғызды.

Біртановтың бұл образына «Супертанов», «Министр-адам», «Минздрав капитаны» сынды пікірлер жазыпты желі пайдаланушылары.

stan.kz