Гордон: Путин неге әскерін Қазақстаннан әкетті? Ердоған оған «табаныңды жалтырат» деді

0

Украиналық журналист Дмитрий Гордон «Украина 24» арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

Ол Путиннің Түркі елінен қорқатынын баса айтты.

«Ешкімнің көкейінде Ресей әскерлері Қазақстанға неге сонша тез кірді деген сұрақ туындамайды ма? АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкин орыстардың елге тез кіріп, баяу кететіні туралы айтты. Ал біздің әскерлер неге тез кетіп қалды? Өте тез. Жауап қарапайым: Қазақстан — ең бай мемлекет. Табиғи қазбаға бай, табиғи ресурстар өте көп. Ал Қытаймен шекаралас болғандықтан, Қытайдың Қазақстанға, әсіресе бизнестік қызығушылығы өте жоғары. Оның үстіне АҚШ, Ұлыбритания, әсіресе Түркияның позициялары мұнда өте күшті. Өйткені олар түріктер, түркі халықтары. Демек, бүгінде құдайға шүкір, Батыс елдерінің ерік-жігері әлсіреген басшыларымен қатар, Путинге өз тілдерінде «ол жерден табаныңды жалтырат» деген Қытайлық Си Цзиньпиннің және Түркиялық Ердоғанның позициясы Қазақстанда жоғары. Ал ол кішкентай бала сияқты орнынан тұрды да кетті. Өйткені Путин өзі әлсіздерге қолданатын күштің тілін жақсы түсінеді» деді Гордон сұхбатында.