Google байқауының жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2922 0 0

Әріптестерінің айтуынша, Еркебұлан Бердібеков 12 ақпанда өмірден өткен

АСТАНА, 18-ақпан – Sputnik. Алматыда Google конкурсының жеңімпазы қазақстандық Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды.

Ол 30 жасында өмірден озды.

Бердібековтің әріптестері оның өлімі туралы ақпаратты растады. Ол ауруханада емделіп жатқандықтан біраз уақыт жұмысқа шықпаған екен.

Айта кетейік, Еркебұлан Бердібеков Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген. 2017 жылдың күзінде қазақстандық маман Kaggle қауымдастығының нейрон желісі бойынша өткізген Data Science сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Аталған сайысты Google компаниясына тиесілі Google Brain зерттеу жобасы ұйымдастырған.

Алтын медаль үздік ондыққа кірген мамандарға берілген. Ал Еркебұлан Бердібеков бұл жарыста 4-орынды иеленді.



sputniknews.kz