Гонконгта шерушілер демократиялық реформаны талап етті

0
49

Жексенбі күні Гонконгта он мыңдаған адам билікке қарсы акцияға шығып, демократиялық реформаны талап етті деп хабарлайды Reuters агенттігі. Наразылар полицияның күш қолдануын да зерттеу қажеттігін айтқан.

Маусым айында полиция қызметкерлері митингіге шыққандарды тарату үшін резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған. Шілде айының ортасында да шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, 11 полицей зардап шеккен.

Гонгконгтағы наразылық билік азаматтарды Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын қолға алған кезде басталған. Заң жобасына қарсы азаматтардың пікірінше, бұл құжат әділетсіз қудаланған немесе саяси диссиденттерді Қытай сотына тапсыру үшін қолданылуы мүмкін. Жаппай наразылық шерулерінен кейін билік заң жобасынан бас тартқан.

Azattyq