Гомосексуализм үшін жазаны алып тастауға үндеген блогерді ұрып кетті

0
21
Сурет: LollipopPhotographyUK

Ташкент орталығындағы Әмір Темір даңғылында жапон анимесі мен корей поп-музыкасын ұнатушылардың жиынын өткізуді жосарлаған блогерді сол күні кешке білгісіз адамдар ұрып кетті.

Дәрігерлер 29 жастағы Миразиз Бозоровты Ташкенттегі басқа ауруханаға ауыстыратын болды. Дәрігерлердің айтуынша, блогерге нейрохирургтың көмек қажет.

Блогер Миразиз Бозоров 28 наурызда журналистерге жексенбілік жиын өтпейтінін хабарлаған. Өйткені сол күні жүз шақты жігіт аниме мен корей поп-музыкасын ұнушыларға шабуылдаған.

28 наурыздың кешінде Миразиз Бозоровты маска киген белгісіз адамдар ұрып кетті. Ауыр жараланған блогер ауруханаға түсті.

«Ол өзі тұратын үйге кіре бергенде, үйдің қасына автокөлік тоқтап, одан маска кигін үш жігіт түскен. Олардың бірі бейсбол таяғын ұстап тұрған. Көліктен түскен жігіттер оны ұра бастады», – деді куәгер.

Оның айтуынша, блогерді шамамен үш минут бойы ұрған.

Дәрігерлердің айтуынша, блогердің ішкі мүшелері зақымданған, сол аяғы сынған, миы шайқалған. Оған нейрохирургтың көмегі қажет.

Миразиз Бозоров Telegram’да «Базаров арнасын» жүргізеді. Ол Өзбекстанның Қылмыстық кодексінен «гомосексуализм» бабын алып тастауға үндеген. Ол Мирзияев саясатын сынап, сайлауға «бойкот» жариялауға шақырған.