Головкиннің шаршы алаңға нақты қашан шығатыны белгілі болды

0
33

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

https://sputniknews.kz/images/541/94/5419473.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/sport/20191223/12357309/Golovkin-boks.html

IBF ұйымы Головкинге тиесілі белбеуге міндетті үміткер ретінде польшалық боксшы Камил Шереметаның есімін атады

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандықтың шаршы алаңға қашан оралатынын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

«Аузын жаптым»: Альварес GGG-мен үшінші жекпе-жек жайлы әңгімеге нүкте қойды

IBF ұйымы Головкинге тиесілі белбеуге міндетті үміткер ретінде польшалық боксшы Камил Шереметаның есімін атады. Бұрын хабарланғандай, тараптар жекпе-жектің барлық егжей-тегжейін талқылап болған, енді жекпе-жектің өтетін күнін таңдау ғана қалды.

«Головкин Шереметамен наурыздың соңында, дәлірек айтқанда 28-інде кездесуі ықтимал», – деді Хирн Bokser.org-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, GGG 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте екі әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз