Головкиннің қарымта кездесуде «Канелоны» жеңгенін дәлелдейтін видео жарияланды — новости Казахстана

0

YouTube-тегі Artorias Boxing арнасында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегінің видеосы жарияланды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

sports.kz

Фото: sports.kz

Видео авторлары жекпе-жек барысында GGG мен «Канелоның» бір-біріне жасаған дәл соққылар санын санап шыққан.

Видео соңында жекпе-жектің жалпы статистикасы ұсынылған. Статистика бойынша, қазақстандық боксшы өз қарсыласына 208 дәл соққы жасаған, ал Альварес 123 соққы жасапты.

Еске сала кетейік, екінші жекпе-жекте жеңіс 115-113 ұпаймен мексикалық боксшыға берілген болатын. Ал бір төреші 114-114 есебімен тең түсті деп есептеп шығарған.

Боксшылар алғашқы кездесуде де тең түскен болатын.

Болашақта спортшылар үшінші рет жұдырық түйістіруі мүмкін.