Головкиннің промоутері Сауль Альварестің допинг сынамасын тапсырмағанын айтты — Бокс

0

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (50-1-2, 34 КО) екінші кездесуіне қатысты кей деректерді жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz

15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 12 раундқа созылған қарымтада төрешілер шешімімен «Канело» Альварес жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) и IBO белбеулерінен айырылған болатын.

2018 жылдың мамырына белгіленген қарымта Альварестің допинг дауына байланысты өтпей қалған болатын. Мексикалық ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол табылып, ол алты айға шеттелген еді. Кейін тараптар қарымтаны өткізуге ауыр келісті.

«VADA жекпе-жектен кейін Головкин үшін кездейсоқ тест жоспарлаған болатын. Олар «Канелодан» да тест алмақ болғанына сенімдімін. Алайда келесі күні кездейсоқ тест алынбайтын болды. Жоспарланған тесттің өтпей қалуы күмән келтіреді… Мүмкін «Канело» Мексикада жүріп, қуырылған ет жеп, өз «шешімін» тойлатып жатқан болар», — деп жазыпты Леффлер твиттер желісінде.

Кейін британиялық Metro басылымына берген сұхбатында Леффлер өз мәлімдемесі жайлы былай айтқан: «Тестті «Канело» өткізбей тастады дегенім жоқ, VADA бас тартты. Бірақ кездейсоқ допинг-тест өткізу шешімі алғаш рет өзгеріп тұр».