Головкиннің міндетті қарсыласы чемпиондық титулын қорғады

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 13:13 342

Головкиннің міндетті қарсыласы чемпиондық титулын қорғады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Америкалық боксшы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) Нью-Йоркте ресейлік Матвей Коробовқа  (28-1, 14 КО) қарсы айқас өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы айқаста Чарло төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз атанды. Бірақ М.Коробов оған бірнеше рет қатты соққы жасап, америкалықты біраз күш жұмсауға мәжбүрледі.

Осылайша, Джермалл мансабындағы 28-ші жеңісіне қол жеткізіп, өз рекордын сақтап қалды және WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы «уақытша» белбеуін сәтті қорғап шықты. Коробов кәсіби мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Еске салайық, Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) әлеуетті қарсыласы саналады. Бұдан бұрын Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) оларды мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 34 КО) айқасу құқығы үшін жекпе-жек өткізуге міндеттеген еді. Дегенмен, бұл идеяны екі боксшының командалары аса қолдап отырған жоқ. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz