Головкиннің бапкері оның қашан басқа салмаққа ауысатындығын айтты
2018 жылғы 7 желтоқсан 10:01 40
АСТАНА. ҚазАқпарат — Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының қазіргі бабы, кәсіби мансабының мерзімдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бапкердің айтуынша, қазақстандық былғары қолғап шебері келер жылы екінші орта салмақ санатына ауысуы мүмкін.
«Ол 160 фунтта қала ма, 168-ге ауыса ма — көреміз. Оның екі-үш жылдық карьерасы бар, осы жылдарды барынша тиімді өткізуі қажет. Мен оның тағы да екі-үш жыл бокстасқанын қалаймын. Бастысы, Геннадийдің залдағы жаттығуларға бұрынғыдай ынтасы жоғары. Осы бетінен айнымаса, тағы да бес-алты жекпе-жекті ойдағыдай өткізе алады», — деді маман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Жоспар бойынша, Головкин 2019 жылдың көктемінде рингке оралуы тиіс. Бірақ әзірше қарсыласының кім боатындығы белгісіз.