Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты
Қысқа сілтеме алу
DAZN қазақстандық боксшының келесі кездесуіне қатысты мәлімет берді
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. DAZN платформасының промоутері әрі басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Баспасөзге берген мәліметінде, Эдди Хирн Головкинің алдағы жекпе-жегі туралы келесі аптада хабарланатынын айтты. Сонымен бірге, Андраде «Росадо — Сулецки» жекпе-жегінде жеңген боксшымен жұдырықтасып, WBO белбеуін қорғап қалуға тырысады», — деді Хирн, деп жазады Talksport.com.
DAZN Головкиннің келесі жекпе-жегі болуы мүмкін екі күнді болжады – 8 және 16 маусым. Ал Андраденің жекпе-жегі 22 маусымға жоспарланған.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Геннадий Головкин «Канело» Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы 16 қыркүйекте болған жекпе-жек теңбе-тең аяқталса, қарымта кездесуде қазақстандық сәтсіздікке ұшырап, барлық титулынан айырылып қалды.
Былтыр Головкин сонымен бірге IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Мұның себебі – GGG украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға жазбаша келісімін бермеген.
sputniknews.kz