Головкинмен жұдырықтасудан тағы бір мексикалық бас тартты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен кездесетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) тағы бір әлеуетті қарсыласынан айырылып қалды.

GGG өз жоспары бойынша қыркүйек айында Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі керек болатын, деп жазды  Prosports.kz.

Ақпараттарға сенсек, Головкин бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) де келіссөздер жүргізген еді.

Алайда, бүгін мәлім болғандай Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен (29-2-2, 11 KO) жұдырықтастады. Варгас өзінің твиттерінде Мунгиямен өтетін келіссөздер туралы жиі жазып жүр.

Айта кетейік, DAZN Альварестің қарсыласы ретінде Головинді емес, украиналық Сергей Деревянченконы құп көрген болатын.



sputniknews.kz