Головкинді әлем чемпионы жекпе-жекке шақырды
Қысқа сілтеме алу
Геннадий Головкин 11 сәуірде поляк Камил Шереметаға қарсы IBF белбеуін қорғауы тиіс еді, алайда қазақстандық аяғынан жарақат алып, жекпе-жекті кейінге қалдырды
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Орта салмақтағы IBF чемпионы, америкалық боксшы Калеб Плант (20-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.
Плант Головкинге тіпті жекпе-жектің датасын да ұсынды: америкалық маусым айында рингке шыққысы келеді. Сонымен бірге Калеб WBA Super титулының иегері британдық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) жекпе-жекті қарастырып жатыр.
Оқи отырыңыз: Головкин жарақат алып қалды
Головкин – орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы. Геннадий 11 сәуірде рингке оралып, поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы IBF белбеуін қорғайды деп жоспарланған болатын, бірақ 37 жастағы қазақстандық аяғынан жарақат алып, жекпе-жекті кейінге қалдырды.
sputniknews.kz