Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады
Спортшы фанаттарына 2018 жылы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты
АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
«2018 жылы қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Сізге және отбасыңызға бақыт, сәттілік және амандық тілеймін. Жаңа жыл ырыс әкелсін! Жаңа 2019 жыл құтты болсын!» — деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
GGG 2018 жылдың 16 қыркүйегінде Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін барлық титулынан айырылды. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті.
«Канело» екінші жекпе-жектен кейін допинг-тестен өтпегені анықталды
Головкин жеңілгеніне қарамастан, WBC тұжырымы бойынша аңызға айналған әлем чемпиондарының Топ-10 рейтингінде бұрынғысынша жетінші орынды иеленді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/