Головкин» үшінші жекпе-жегі: Альварес күтпеген мәлімдеме жасады
Қысқа сілтеме алу
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді жеңіп, барлық титулын тартып алған еді
НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келмейтінін ашық айтты. Оның сөзін The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-де жариялады.
Альварес бұл туралы орташа ауыр салмақтағы WBO чемпионы, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 KO) кездесуіне арналған баспасөз мәслихатында айтқан. «Канело» ресейлік боксшымен 2 қарашада Лас-Вегаста кездеседі.
Canelo says he considers his business with GGG settled and he’s not motivated to fight him a third time. A reporter told Canelo that Oscar De La Hoya said he would fight GGG a third time. Canelo said Oscar says “many things that don’t make any sense”
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) September 19, 2019
»Канело» Головкинмен ісі біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға құлқы жоқ екенін айтты», — деп жазды Коппинджер.
Сондай-ақ Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның айтқан сөзіне пікір білдіріпті. Бұған дейін промоутер «Канелоның» Головкинге қарсы жекпе-жегі келесі жылы болады деген еді.
«Оскар қайдағы-жоқты айта берді», — деді мексикалық боксшы.
Тағы оқыңыз: Де ла Хойя GGG — «Канело» үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады
Еске сала кетсек, Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы кәсіби рингте екі рет кездесті. Олардың бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде төрешілердің шешімімен теңбе-тең аяқталып, үлкен дау-дамай тудырса, бір жыл бұрын мексикалық боксшы жеңіске жетті. Сөйтіп қазақстандық карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырап, титулдарынан айырылып қалған.
GGG рингке 5 қазанда оралады, Нью-Йорк қаласында украин боксшысы Сергея Деревянченкомен жұдырықтаспақ. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қанжығасына байлайды.
sputniknews.kz